Алматы тауларында қар көшкінінде қалған екінші адамның денесі табылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында қар көшкінінде қалған екінші адамның денесі табылды

Алматы тауларында қар көшкінінде қалған екінші адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында қар көшкінінде қалған екінші адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД мәліметінше, жоғалған екінші адам қайтыс болған.

"Ит қар астындағы екінші жәбірленушінің денесін тапты. Қайтыс болған адамның денесі қазір тікұшақпен түсіріледі", - деді ведомоство өкілі.

Іздестіру үшін құтқарушылар дрондарды пайдаланған. Құтқару жұмыстарына түрлі жедел қызмет ұйымдарынан 31 адам және 8 техника, 2 кинология есебі, 1 тікұшақ жұмылдырылған.

Бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні болып, құтқарушылар екі адамды іздеп жатқаны хабарланған болатын. 

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қар көшкінің астында қалған екі адам Франция елінің азаматтары.

"6 адам тауға шығып сырғанаған. Бұл көшкіннің шығуына себеп болды. Олардың бесеуі Франция азаматы болса, біреуі қазақстандық. Төртеуі аман. Қардың астында қалғандардың біреуі зардап шекті, екіншісі өкінішке орай қаза тапты",- деді қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети