06 қыркүйек 2016 | 13:48

Алматы тауларында шыныдан жасалған көпір пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© infpol.ru © infpol.ru

Алматы тауларында экстремалдық аттракцион пайда болды, ол келушілерге мол адреналин сыйлайды, - бұл туралы инвестициялық форумның дәлізінде Tengrinews.kz тілшісіне қалалық туризм бақармасының басшысы Тимур Дүйсенғалиев мәлімдеді. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы тауларында экстремалдық аттракцион пайда болды, ол келушілерге мол адреналин сыйлайды, - бұл туралы инвестициялық форумның дәлізінде Tengrinews.kz тілшісіне қалалық туризм бақармасының басшысы Тимур Дүйсенғалиев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, ерекше көпірдің бюджеті 30 миллион еуроны құрайды. Әкімдіктің есебі бойынша аттракционның құрылысы 2018-2020 жылдары аралығында салынбақ, ал өзін-өзі бес-жеті жылда ақтайды деген жоспар бар екен. Айта кетейік, бұл жобаны инвесторлар қаржыландырады. Мұндай шыны көпірлер Қытайда және Еуропада бар. Келушілер басайналарлық эмоция алады.


© mixstuff.ru

"Барлық алматылық Шымбұлақ таулы курортының қайда орналасқанын біледі, онда қара шың бар, ол Чкалов шыңы. Біз онда тағы бір бекет салып ерекше аттракцион салмақпыз, - деді Дүйсенғалиев. - Оны Нұрсұлтан шыңына дейін жалғауымыз мүмкін. Осылайша біз туристтук маусымның уақытын созбақпыз. Аттракционның жанында тамақ ішетін жер болады. Жобаның моделі шетелдерде танымалдыққа ие. Бұл жобаға негізінен инвесторлар тобы тартылатын шығар, біз қазіргі кезде "Шымбұлақ" таулы курортының жаңа басшылығымен келісім жүргізіп жатырмыз, олар да осы жобаға қосылуы мүмкін", - деді Дүйсенғалиев.


© flipboard.com

Сұхбаттасушы болашақта таулы жолдардың маршрутын дұрыстайтынын айта кетті. Оның айтуынша, картасы мен мобильді қосымшалар жасалады. Кейбір таулы аймақтарда тастардың құлауынан қорғанатын жерлер салынбақ. "Біз Альп үйшіктерін, лагерьлер салмақпыз. Әр түрлі туристер тобы бар, бірнеше күнге келген туристерге бар жағдайды жасауымыз тиіс. Маршрутты Үшқоңырдан Көлсайға дейін созуға болады, - деді сұхбаттасушы.


© mirputeshestvii.ru

Сонымен қатар, Алматыда осы жылдың соңына дейін бірнеше ұлттық нақыштағы кафе мен мейрамхана ашылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети