Алматыдағы Наурызбай ауданының тұрғындары бұрынғы алма бақтарының аумағынан қара топырақты ұрлау жалғасып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы Наурызбай ауданының тұрғындары бұрынғы алма бақтарының аумағынан қара топырақты ұрлау жалғасып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті тұрғындар Қарғайлы ықшамауданындағы бұрынғы алма бақтары аумағынан құнарлы қара топырақты әкету жалғасып жатқанын видеоға түсірді. Олардың айтуынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің белгісі бар техникаларға қара топырақты заңсыз қазған тәртіпбұзушыларды полицейлер ұстағанымен, олардан кейін шұңқырлар қалған.
Алматы әкімдігі 29 наурызда сағат 12:50-де полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан Қарағайлы ықшамауданында, селден қорғайтын бөгеттің оңтүстік-батысында қара топырақты заңсыз алып жатқаны туралы арыз түскенін хабарлады. Жер телімі жекеменшікте. Аудандық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері экология бөлімімен бірлесе отырып, қылмыскерлердің жолын кесті. Бұл мәселе Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, аудандық прокуратура және әкімдіктің бақылауында.
Әкімдік жерді заңсыз өндірудің жалғасуына жол бермеу шараларын қолға алып жатқанын атап өтті. Темір-бетон конструкцияларын орнату, бейнебақылау жүйесін орнату арқылы кірме жолдар жабылған.
Қара топырақты әкеткені үшін ӘҚБтК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша "Топырақтың құнарлы қабатын өткізу немесе басқа тұлғаларға беру мақсатында оны жою немесе заңсыз алу" бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!