24 қыркүйек 2021 | 21:23

"Алматы" телеарнасында жаңа маусым басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы" телеарнасында жаңа маусым басталды. Жыл сайын өз көрерменін тың телевизиялық жобалар және жаңа телесериалдармен қуантатын арна ұжымы биыл да бұл дәстүрден жаңылмады. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген бірнеше бағдарлама жалғасын тапса, тың жаңалыққа толы жаңа жобалардың тұсауы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Алматы" телеарнасында жаңа маусым басталды. Жыл сайын өз көрерменін тың телевизиялық жобалар және жаңа телесериалдармен қуантатын арна ұжымы биыл да бұл дәстүрден жаңылмады. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген бірнеше бағдарлама жалғасын тапса, тың жаңалыққа толы жаңа жобалардың тұсауы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа маусымның жарқын жобаларының бірі - 30 бөлімнен тұратын "Тәуелсіздік белестері" деректі фильмі. 1991 жылдың басында күн тәртібінде тұрған саяси тезистер, табанды қабылданған шешімдер мен тарихи оқиғалардың куәсі болғыңыз келсе, әр аптаның сенбісінде сағат 15:00-де "Тәуелсіздік белестерін" немесе "Эра независимости" деректі фильмін көріңіз. Белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, педагогтер мен қоғам белсенділері мемлекеттің қалыптасуындағы қызықты деректер жайында әңгімелейді.

"Биылғы жаңа маусым ерекше десек болады. Өйткені жаңа телевизиялық маусым бәріміз үшін қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығының қарсаңына дөп келіп отыр. Сондықтан да телеарнаның төл жобалары Тәуелсіздікті ұлықтауға басымдық береді. 30 жылдыққа "Тәуелсіздік белестері" және "Эра независимости" деп аталатын 30 бөлімнен деректі фильм түсірдік. Оның біразы эфирден көрсетілді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында болған қиындықтарды қалай еңсердік, еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болуы үшін қандай құжаттар қабылданды және олар қалай қабылданды, халықтың тұрмысын жақсарту үшін қандай алғашқы қадамдар жасалды, теңгеміз қалай қабылданды, оның "теңге" деп аталуы және эскизі қандай болды, сол кездегі жағдай қалай еді, міне, осындай тарихи мәліметтердің бәрі деректі фильмде көрініс тапты. Шоқтығы биік дүние болды деп ойлаймын", - деді "Алматы" телеарнасының бас директоры Нұржан  Мұхамеджанова.

Телеарнаның биылғы басты жаңалығы - "Қызыл жебе" телехикасы. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мұрындық болуымен, "Алматы" телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген фильм жазушы Шерхан Мұртазаның трилогиясына негізделген. Телехикаяда қазақ халқының ұлы перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі баянадалады. Жаңа туынды "Алматы" телеарнасынан 11 қазаннан бастап көрсетіледі.

"Тағы бір үлкен жобаның бірі - телехикаялар. Мемлекеттік тапсырыс аясында бірнеше телехикая түсірілді. Соның негізгісі - "Қызыл жебе" телесериалы. Тәуелсіздікті аңсап кеткен ата-бабаларымыз, Алаш ардақтылары қаншама. Солардың бірегейі - Тұрар Рысқұлов жайында. Телехикаяны "Қызыл жебе" деп атадық. Шерхан Мұртазаның трилогиясына негізделіп түсірілді. 10 бөлімнен тұрады. Тұрар Рысқұловтың өмірі де "Қызыл жебеге" ұқсас. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін ел тарихында ойып тұрып орын алды. "Қызыл жебені" арғымақ атпен де  суреттедік. Қайраткердің аттай шауып өткен өмірі, ғұмыры бейнеледі. Қандай қиындық көрсе де, қазақ елінің бүгінгі болмысы, тыныс-тіршілігі үшін тер төкті. Біз Тұрар Рысқұловтың алдында қарыздармыз. Шер-ағаға деген үлкен құрметпен,  бүкіл өмірін Тұрар Рысқұловтың өмірбаянын зертеуге арнаған тұлғаларға деген құрметпен "Қызыл жебе" телехикаясын түсірдік", - деді "Алматы" телеарнасының бас директоры Нұржан  Мұхамеджанова.

"Шерхан Мұртаза ағамыздың рөлі де фильмде қамтылды. 1970 жылдың аяғы мен 1980 жылдардың басында Шерағаңа "Рысқуловщина" деп тиіскен. Яғни, оның жазушы, сыншылармен арадағы шиеленісті сәттері де осы фильмде айтылады. "Қызыл жебе" Кеңес үкіметінің идеологиясы еді ғой дегендер де болды. Біздің ойымызша, бұл жерде "Қызыл жебе" деп отырғанымыз - Тұрардың өзі. Шерағаң жылқы арқылы Тұрардың образын берген, яғни ол қызыл жебедей ағып өтті. Тұрар түрмеде жатқанда, оған ылғи Қызыл жебенің елесі келеді. Ал атар алдында қызыл жебе одан кетеді. Елес болып, тастап кеткенде Тұрар өзінің өлетінін түсінеді. Сонда "Қызыл жебе" оның рухы, ұстанымы", - дейді телесериалдың бас продюсері Ілияс Ысқақов.

"Алматы - барлығымыздың кіндік шаһарымыз. "Алматы" телеарнасының әр жаңа маусымын, жаңалығын қадағалап отырамыз. Мәселен, жаңа маусымда ең аяулы, ең қастерлі жоба - "Қызыл жебе" телесериалының түсірілуі деп айтар едім. Өзім асыға күтіп жүрмін. "Қызыл жебе" бәрімізге бала күнімізден таныс. Тұрар Рысқұловтың бейнесін, әдеби образын Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" шығармасынан таңыдық, білдік. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Тұрар Рысқұловтың бейнесі көрерменге сериал, кино шығармалары арқылы жол тартуы үлкен жетістік деп ойлаймын", - деді "Ана тілі" газеті бас редакторының бірінші орынбасары Қарагөз Сімәділ.

Жаңа маусымдағы ерекше жобалардың бірі - Tik Tok House ситкомы. Бірнеше апта бұрын көрерменге жол тартқан сериал адамгершілік пен достықтың әркез жоғары тұратынын насихаттайды. Кейіпкерлердің мінез-құлқы әртүрлі. Десе де, олар достық қарым-қатынаста болып, тіпті ғашық та болады.

"Бүгін "Алматы" телеарнасының жаңа маусымға дайындаған жобаларымен таныстық. Өте әдемі екен.  Бүкіл саланы, бүкіл мүмкіндікті  қамтығанын көріп отырмыз. "Бақытты отбасы" деген жоба көңілімнен шықты.  Қиындыққа тап болып, кейін сол қиындықты жеңіп, аяғына тұра білген адамдарды көрсету, солардың өмірмен күресін халыққа насихаттау арқылы бүкіл адамға күш-қуат береді, жаңа өмір бастауға, қиындыққа мойымауға жетелейді деп ойлаймын. Және трендтен қалмай TikTok House жобасын қолға алған екен. Бұл да жастарды телеарна көруге, Алматының тыныс-тіршілігінен хабардар болуға түрткі болатын жоба деп ойлаймын. "Алматы" телеарнасы биылғы маусымды осындай керемет жобалармен бастағалы жатыр екен, жұмыстарына сәттілік тілеймін, көрермені көп болсын!" - деді "Заң" газетінің редакторы Айнұр Сембаева.

Сонымен қатар, телеарна күзде көрермен көзайымына айналған бірнеше телехикаяның екінші маусымын ұсынады. "Өткінші жаңбыр" телехикаясы бұл маусымда екі тілде көрсетіледі. Осы жолы кейіпкерлер мүлдем басқа кейіпке енеді.

DiNaZaur сериалы да жалғаспақ. Отбасылық құндылықтар, шынайы достықты бұл жолы да осы фильмнің негізгі діңгегі болмақ.

Тәуелсіздік жетістігін насихаттайтын жаңа жоба - "Бақыттымын өзіңмен" драмасы. Романтика әрі комедия элементтері көрініс тапқан телехикая бір қаладағы бірнеше кейіпкердің өмірі арқылы  Қазақстанның 30 жыл аралығындағы дамуын, қиын-қыстау кезеңді, махаббат пен үмітті сипаттайды.

"Бапкер" - осы жылдың қараша айында шығатын жаңа спорттық драма. Қазақстан кинематографиясы үшін жаңалық. Сериал шынайы оқиғаларға негізделген. Телехикая Алматының «Қайрат» футбол клубының үміт күттірген ойыншысы Ерназар Смақов жайында болмақ. Телеарнадағы маңызды бағдарламаның бірі – IQ Almaty зияткерлік жобасы. Студенттер мен оқушыларға білім нәрін сіңіру, топта біріге жұмыс істеу, логикалық және шығармашылық ойлауды дамыту, есте сақтау мен зейінді жаттықтыру - бағдарламаның негізгі мақсаты. Жоба да қоғам қайраткерлері, қазақстанның эстрада жұлдыздары, ғалымдар мен телеарна өкілдері төрелік етеді. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ең білімді жастар бас жүлде - 2 000 000 теңгені қанжығалады.

Жаңа маусымда "Бақытты отбасы", "Шешімі бар: Вакцинация", "Басты назарда", "Алматы тұнған тарих" бағдарламалары да жалғасын таппақ.

Сондай-ақ, жаңа маусымда телеарна Қала күніне арналған музыкалық тартуын да көрерменге ұсынған. Алматы туралы 50-жылдарды әсем әндерді жаңадан өңдеп, сол әндердің сүйемелдеуімен жаңа Алматының жаңа бейнесін көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети