1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Алматы" телеарнасының қаза болған қызметкерінің отбасына пәтер беріледі 14 қаңтар 2022, 22:10

"Алматы" телеарнасының қаза болған қызметкерінің отбасына материалдық көмек көрсетіліп, үш бөлмелі пәтер беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

"Алматы" телеарнасының қаза болған қызметкерінің отбасына материалдық көмек көрсетіліп, үш бөлмелі пәтер беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, Алматы әкімі лаңкестер шабуылынан зардап шеккен арна редакцияларын аралған. Ол қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан арна жүргізушісі Мұратхан Базарбаевтың қаза болуына байланысты көңіл айтты. Оның отбасына қаржылай көмек көрсетіліп, үш бөлмелі пәтер беріледі.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Одан бөлек, қолына оқ тиіп, жараланған оператор Диаскен Бәйтібаев жарақат алған. Олар жолдастарын эвакуациялауға көмектескен тағы бір оператор Арсен Сандыбаевқа алғысын білдірді. Оларға қаржылай көмек көрсетіледі.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, "Қазақстан", "Хабар", "Мир", "Бірінші арна Еуразия" арналары кеңсесіне келтірілген шығын есептелген. Техникалық тексеруден кейін қалпына келтіру мүмкіндігінше тез басталады.

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. 6 қаңтарда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне шабуыл жасалды. Оқиғаның мән-жайын "Алматы" телеарнасының бас директоры Нұржан Жалауқызы айтып берді. Шабуыл кезінде телеарна қызметкерлерінің бірі қаза болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram