Алматы төңірегіндегі ҮАААЖ 85 пайызға дайын - құрылысшылар

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы төңірегіндегі ҮАААЖ 85 пайызға дайын - құрылысшылар 2022 жылы 3 қыркүйекте

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) құрылысы 85 пайызға аяқталды. Бұл туралы "ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар" компаниясының ресми сауалға берген жауабында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) құрылысы 85 пайызға аяқталды. Бұл туралы "ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар" компаниясының ресми сауалға берген жауабында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құрылысшылардың айтуынша, ҮАААЖ ұзындығы 66 шақырым болса, оның 50 шақырымына соңғы асфальт қабаты төселген.

"Бүгінде асфальтбетон қабаттарын төсеу жұмыстары мынадай ретпен орындалды:

  • кеуекті асфальтбетон қабаты - 64,27 шақырым;
  • тығыз асфальтбетон қабаты - 64,19 шақырым;
  • модификацияланған полимерлі битуммен қиыршықтас-мастика асфальт қабаты - 50,26 шақырым".

Екі жақты қозғалыстың барлық ені бойынша жұмыс аяқталғаны атап өтілді. Ол тасжолдың бүкіл ұзындығы бойынша аяқталған.

"Ерекшелік - тек 45-тен 47-шақырымға дейінгі учаске. Сондай-ақ, үш жолайрықтың шығаберісіне әлі асфальт төселмеген:

  • ҮАААЖ Алматы - Бішкек тасжолы қиылысында;
  • ҮАААЖ Алматы - Шамалған тасжолы қиылысында;
  • ҮАААЖ Комсомол - Жапек батыр тасжолы қиылысында".

ҮАААЖ салынатын 40 жолайырық пен көпірге келетін болсақ, олардың бәрі дерлік салынды.

"39 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 36 учаскеде асфальтбетон жабынын төсеу бойынша жұмыстар орындалды.

Жеті жолайрықтың бәрінде жол өтпелерін (жолайрықтан түскен жердегі тасжолмен қосынды) салу жұмыстары аяқталды. Үш жолайрықта өтпелер салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған төрт өтпенің құрылысы аяқталды, онда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолайырықтар бойынша жұмыстарды орындау - 90 пайыз.

Жалпы, ҮАААЖ жобасының өзі бүгінде 85 пайызға дайын", - деді компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети