ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қаңтар 2020 | 21:05
Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышы есін жиды
Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші ұшқышы есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші ұшқышы есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі ер адамды жансақтау бөлімінен бейінді бөлімге ауыстырғанын хабарлады.
"Оның жағдайы тұрақтанды. Ол есін біледі. Сөйлейді", - деп нақтылады баспасөз қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ медицина қызметкерлері әуе апаты кезінде зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы туралы айтты. Санавиация арқылы үш науқас Нұр-Сұлтандағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді. Олардың жағдайы да тұрақтанды, жағдайлары жақсарғаны байқалады.
Сонымен қатар, зардап шеккен 27 адам Алматы ауруханаларында, олардың жетеуі балалар. Бір адам бұрынғысынша қалалық көпсалалы клиникалық аурухананың реанимациясында жатыр. Барлық емделушінің жағдайы тұрақты.
"Дәрігерлер 22 ота жасады. Оның ішінде балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығының травматологиясында екі балаға тіліксіз ота жасалды. Операцияның мұндай түрінің артықшылығы оның жарақатының аздығы және емделгеннен кейін бірнеше күннен кейін сынған сүйекке жүк түсіру мүмкіндігінде", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматы түбіндегі әуе апатынан 69 адам, оның ішінде тоғыз бала зардап шеккен еді. Ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты.
Показать комментарии
Читайте также