05 қаңтар 2020 | 21:05

Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшақтың екінші ұшқышы есін жиды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Тұрар Қазанғаповтың суреті Тұрар Қазанғаповтың суреті

Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші ұшқышы есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші ұшқышы есін жиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі ер адамды жансақтау бөлімінен бейінді бөлімге ауыстырғанын хабарлады.

"Оның жағдайы тұрақтанды. Ол есін біледі. Сөйлейді", - деп нақтылады баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ медицина қызметкерлері әуе апаты кезінде зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы туралы айтты. Санавиация арқылы үш науқас Нұр-Сұлтандағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді. Олардың жағдайы да тұрақтанды, жағдайлары жақсарғаны байқалады.

Сонымен қатар, зардап шеккен 27 адам Алматы ауруханаларында, олардың жетеуі балалар. Бір адам бұрынғысынша қалалық көпсалалы клиникалық аурухананың реанимациясында жатыр. Барлық емделушінің жағдайы тұрақты.

"Дәрігерлер 22 ота жасады. Оның ішінде балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығының травматологиясында екі балаға тіліксіз ота жасалды. Операцияның мұндай түрінің артықшылығы оның жарақатының аздығы және емделгеннен кейін бірнеше күннен кейін сынған сүйекке жүк түсіру мүмкіндігінде", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы түбіндегі әуе апатынан 69 адам, оның ішінде тоғыз бала зардап шеккен еді. Ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer