24 маусым 2021 09:43

Алматы түбіндегі Ан-26 апаты: зардап шеккендер ауруханадан шығарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда Ан-26 ұшағы апатында зардап шеккендер ауруханадан шығарылды. Олар 95 күн ем алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Ан-26 ұшағы апатында зардап шеккендер ауруханадан шығарылды. Олар 95 күн ем алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Екі әскери қызметкер де толық емдеуден өткеннен кейін, №4 Қалалық клиникалық аурухананың стационарынан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды", - деді №4 ҚКА бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Айта кетейік, 2021 жылдың 13 наурызында ҰҚК авиациялық қызметінің Ан-26 ұшағы апатынан зардап шеккен екі әскери қызметкер №4 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген болатын. Екеуінің де денесін түрлі дәрежеде күйік шалған. 95 күн бойы екі пациент аурухананың бейінді бөлімшелерінде ем алған. 18 маусымда әскери қызметкерлер үйіне шығарылды.

Реклама
Реклама

Ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты: майор Ғабит Балықбаев (36 жас), капитан Досжан Баймұратов (35 жас), сержант Евгений Васильков (35 жас) және аға лейтенант Мұхтар Сағынбаев (26 жас).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram