04 қазан 2021 | 15:49

Алматы түбіндегі Ан-28 апаты: сот сараптама нәтижелерін жариялады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: © tengrinews Иллюстрация: © tengrinews

Алматы түбінде 2017 жылдың күзінде болған Ан-28 ұшағының апаты туралы іс бойынша апелляциялық сот қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы түбінде 2017 жылдың күзінде болған Ан-28 ұшағының апаты туралы іс бойынша апелляциялық сот қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот шешіміне сәйкес East Wing әуекомпаниясының директоры Виталий Масалитин Алматы маңындағы әуе апатында кінәсіз деп танылды.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, Ан-28 кабинасы шамының фрагменттерінде зақым бар. Оң жақтағы алдыңғы және бүйір терезе жақтауы қираған. Бұлар әуе кемесі құлағанға дейін пайда болған. Белгісіз, қатты нысанның әсері болған. Оның массасы шамамен 1,1 келі. 

Қалған зақымдар (ұшқыштар кабинасының корпусындағы және фюзеляждағы сынықтар) әуе кемесі құлағаннан кейін пайда болған", - делінген құжатта.

Ан-28 ұшып бара жатқанда алдыңғы және бүйір терезе жақтауларының тірегі бүлінгеннен кейін оны жел бұзып шыққаны атап өтілді. Оның жылдамдығы 289 шақырым, ауа ағынының қысымы бір шаршы сантиметрге шамамен 0,5 келі немесе 30-50 килопаскаль болған. 

"Шамадан тыс қысымда екпінді толқын әсерінен ұшқыштардың миы орташа сілкінуі мүмкін еді. Бұл ондаған секундтан жарты сағатқа дейін немесе одан да көп уақытқа есеңгіретуі мүмкін. Мұндай жағдайдың салдары ұшақты тізгіннен шығарып алуға, бағыт, биіктік пен жылдамдықтың өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Іс бойынша нақты деректер, атап айтқанда әуекомпания қызметкерлерінің куәгерлік айғақтары, мамандардың, сот сарапшыларының қорытындылары және олардың соттағы айғақтары, оқиға болған жерді тексеру нәтижелері, ұшақтың апатқа ұшырауының анықталған мән-жайлары мен басқа да деректер әуекомпания басшылығының кінәсінен әуе кемесінің апатқа ұшырауының техникалық себебі және ұшқыштардың қателігі туралы айыптау нұсқасын растамайды", - делінген сараптама нәтижесінде.

Еске салайық, 2017 жылдың 3 қазанында Алматы маңында Ан-8 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Алматыдан ұшқаннан кейін 12 минуттан соң East Wing әуе компаниясының Ан-28 ұшағы радардан жоғалып кеткен болатын.

Бортта бес адам болған. Ұшақ апатынан профессор, дәрігер, акушер-гинеколог Талғат Пацаев пен профессор, дәрігер-реаниматолог Жәнібек Артықбаев, командир Геннадий Цой, екінші ұшқыш Евгений Кутафин, бортинженер Бейшенбек Ақматбаев қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети