07 маусым 2021 | 17:44

Алматы түбіндегі АН-28 ұшағы апаты: East Wing әуекомпания басшысы ақталып шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Іле ауданында 3,5 жыл бұрын бес адам қаза тапқан АН-28 ұшағы апатына қатысты сот аяқталды. East Wing әуекомпания басшысы Василий Масалитин ақталып шықты. Алайда сарапшылар ұшақ белгісіз ұшу аппаратымен соқтығысқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Іле ауданында 3,5 жыл бұрын бес адам қаза тапқан АН-28 ұшағы апатына қатысты сот аяқталды. East Wing әуекомпания басшысы Василий Масалитин ақталып шықты. Алайда сарапшылар ұшақ белгісіз ұшу аппаратымен соқтығысқанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Виталий Масалитинге "абайсызда адамдардың өліміне әкеп соққан қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзды" және "басқаруға құқығы жоқ адамға әуе кемесін басқаруға рұқсат берді" деген айып тағылған болатын. Ол сотта кінәсін мойындамады.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында сарапшылар қорытындысындағы қарама-қайшылықтарға байланысты сот талқылауы жан-жақты және объективті өтуі үшін судья кешенді сараптама (медициналық-криминалистикалық, сот-медициналық, көлік-трасологиялық, заттар мен бұйымдардың жарылыс-техникалық материалдары) тағайындады.

Сарапшылардың айтуынша, "ұшақ белгісіз ұшу аппаратымен соқтығысқан. Бұл ұшқыштар кабинасының қызып кетуіне әкелген және соққы толқынын тудырған", - деді Іле аудандық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Сарапшылар шығарған қорытындыға сүйене отырып, сот Масалитиннің "кінәсі жоқ" деген қорытындыға келді.

Осыған байланысты, сот Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 44-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес анықталмаған адамдарға қатысты қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп, қудалау туралы мәселені шешу үшін прокурорға жіберді. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық іс жүргізу заңын өрескел бұзуға жол берген Қазақстан Бас прокуратурасы атына жеке қаулы шықты.

Айта кетейік, 2017 жылғы 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының ұшағы аэродромнан 28 шақырым жерде радардан жоғалып кеткен болатын. Кейін ұшақ жерге құлап, барлық экипаж мүшелері мен жолаушылар қаза болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети