CRJ-200 ұшағындағы қаза тапқандардың туыстары ұшақтың апатқа ұшырау себебі туралы алғаш рет пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мужская слеза" ҚҚ жетекшісі Светлана Серіковаға сілтеме жасап. Бүгін Көкшетауда SCAT ұшағының әуе апатынан қаза тапқандарға арнап ескерткіш ашылды.
CRJ-200 ұшағындағы қаза тапқандардың туыстары ұшақтың апатқа ұшырау себебі туралы алғаш рет пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мужская слеза" ҚҚ жетекшісі Светлана Серіковаға сілтеме жасап. Бүгін Көкшетауда SCAT ұшағының әуе апатынан қаза тапқандарға арнап ескерткіш ашылды.
Ескерткіштің ашылуына қаза тапқандардың туыстары, достары, сонымен қатар облыстық мәслихат депутаттары мен қалалық әкімдіктің өкілдері келді. Светлана Серікова ескерткішті ашуға 2,5 жыл кеткенін айтты.
"Шындығында біз басқа нәрсе күткен едік, қазіргі уақытта төрт адамды кінәлап отыр. Оларға айып тағылды. Айып қаза тапқан адамдарға тағылды. Тергеушілер апатқа әкелетін ереже бұзушылықтардың болғанын айтты. Айтқандарында жүйе жоқ: іс материалында нақты кімнің кінәсінан ұшақтың құлағаны айтылмаған. Меніңше, қазір істі жабу үшін осылай етіп отыр. Алда сот бар, қылмыстық іс қозғалды, әлі уақыт алда. Іс бүгін немесе ертең бітпейді. Бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Дегенмен жала жаба салатын адамды іздеудің қажеті жоқ жеп ойлаймын", - деді Серікова.
© Самат Карімов
Шарада қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды. Ескерткіштің ашылуына қатысу үшін SCAT баспасөз қызметінің басшысы Виктория Ульянова келді. Ол әуе компаниясының президенті мен ұжымының атынан көңіл айтып, қаза тапқандардың туыстары мен SCAT бір отбасы екенін мәлімдеді. Балалар аспанға шар ұшырды, ал ескерткіштің алдына 21 шам жағылды. Гүл қою рәсімінен кейін жиналғандар түскі асқа отырды.
Еске сала кетейік, Алматыдағы әуе апаты 2013 жылдың 29 қаңтарында болған еді. SCAT әуе компаниясының Көкшетаудан Алматыға бағыт алған Challenger-200 ұшағы Алматы әуежайына жақын маңдағы Қызылтуда апатқа ұшырады. Экипаждың бес мүшесі мен 16 жолаушы қаза тапты, олардың ішінде 2 жасар бала да бар.