Алматы тұрғындары мен жүргізушілерге үндеу жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары мен жүргізушілерге үндеу жасалды ©️ almaty.tv

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына және жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына және жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамды көктайғаққа байланысты Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы жүргізушілерге үндеу жасады:

  • сақтық шараларын, жылдамдық режимін және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтаңыз;
  • қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеу үшін жол жиектерінде тұрақтан аулақ болыңыз.

Жаяу жүргіншілерге жолда абай болу ұсынылады.

"Қала тұрғындарын қар тазаланғанға дейін "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына уақытша барудан бас тартуға шақырамыз. Бұл трафикке ауыртпалық түсіруі мүмкін, ал ол жолдарды тазалауды қиындатады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқаны айтылды. Ауа райының қолайсыздығын жою үшін 396 арнайы техника мен 240 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети