01 қыркүйек 2021 13:53

Алматы тұрғындары сапасыз салынған жолға шағымданды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік жүргізушілері Наурызбай ауданы Кенесары хан көшесіндегі сапасыз, ойқы-шойқы жолға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда көлік жүргізушілері Наурызбай ауданы Кенесары хан көшесіндегі сапасыз, ойқы-шойқы жолға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, ойқы-шойқы салынған асфальт - сапасыз. Жолға салынған белгілер де бұзылған.

"Жолды малға емес, адамдарға жасады ғой. Неге дұрыстап салмайды. Жүргізушілер шұңқырдан қашамыз деп апатқа ұшырайды", - деп шағымданады жүргізушілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

"3D жолдар", "Асфальт еріп кетті", "Жол белгілерін ішіп алып, салған ба?", - деп жазды видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары.

Алматы қаласының Энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту басқармасы "Алматы Су" мердігерлері бұл учаскеде жұмыс істегенін, оларға бір аптаның ішінде жол белгілерін дұрыстау тапсырылғанын айтты.

"Бұл мәселе бойынша мердігер -"Связстроймеханизация" ЖШС-мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жақын арада қалпына келтіру жұмыстары басталады", - деді Наурызбай ауданының әкімдігі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети