Алматы тұрғыны ChatGPT көмегімен сотта жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны ChatGPT көмегімен сотта жеңіске жетті Фото:depositphotos.com

23 жастағы алматылық Кенжебек Исмаилов ЖҚЕ бұзғаны үшін салынған айыппұлды ChatGPT көмегімен алдырып тастады. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 жастағы алматылық Кенжебек Исмаилов ЖҚЕ бұзғаны үшін салынған айыппұлды ChatGPT көмегімен алдырып тастады. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылдың желтоқсанында Исмаилов ЖҚЕ бұзғаны үшін 5800 теңге көлемінде (жеңілдікпен) айыппұл салу нұсқамасын алған және оны төлеген. Алайда бейнебақылау жазбаларын көргеннен соң, айыппұлдың заңды екеніне күмәнданған.

Полицияға берген шағымы қанағаттандырылмаған. Бірақ Исмаилов берілмей, сотқа жүгінген. Ол талап арыз және басқа да құжаттарды әзірлеу үшін ChatGPT-ді пайдаланып, нәтижесінде өз ісінде жеңіп шыққан.

Сот Исмаиловтың пайдасына шешім шығарып, айыппұлды жойды.

Енді Кенжебек азаматтық сотқа жүгініп, өтемақы алуды жоспарлап отыр. Алайда ол өз мақсаты ақша емес, құқықтарын қорғау екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети