Алматы тұрғыны Досаевқа шағымын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны Досаевқа шағымын айтты Фото: krisha.kz сайтынан

Алматы тұрғыны әкімге қандаланың қаптап кетуі және ағаштарды өңдеуге қатысты шағымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны әкімге қандаланың қаптап кетуі және ағаштарды өңдеуге қатысты шағымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бостандық ауданының тұрғыны Ерболат Досаевпен кездесуде жәндіктер және олармен күресу әдістері туралы айтты.

"Ауладағы ағаштар неліктен ақталмайтын болды? Әктің бактерицидтік қасиеті бар ғой. Бізде ешқашан ағаш қандаласы болған емес. Қазір барлық жерде қаптады. Салдарынан ағаштың қабығы құриды. Біз шешім қабылдауымыз керек, онсыз да түнгі сағат 2-де адамдарға ескертусіз өңдеу жүргізіледі. Қандала өлгенімен, адамдар сол ауамен дем алады ғой", - деді тұрғын.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, бір кездері әктеу ағаштарды өңдеудің тиімді әдісі болған. Өкінішке қарай, климат қана емес, жалпы қаланың экожүйесі өзгерген.

"Қала ағаштарды өңдей алмайды, өйткені өсімдіктерді қорғау және карантин институты ақтауға кеңес бермейді. 2016 жылдан бастап ағаштарды өңдеуде әк қолданылмайды. Бүгінгі күні осы мақсат үшін биологиялық өнімдер қолданылады. Биыл шілде-тамыз айларында өңдеудің тағы екі кезеңін жүргіземіз. Ол кесте бойынша түнде өткізіледі. Өңдеуді жүргізу туралы ескертуге келсек, қала тұрғындарын құлақтандыруды күшейту қажет. Әрбір ПИК, МИБ-тің чаты бар, мен оларға чаттар арқылы өңдеудің уақыты туралы ақпарат жіберуге тапсырма беремін", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети