Алматы тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны жоқ пәтерлерді жалға берген Фото: polisia.kz

Алматыда 25 азаматқа жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда 25 азаматқа жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол танымал сайтқа пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялаған. Пәтерді нарық бағасынан төмен бағаға "жалдауға" ынталылар жеткілікті болған.

"Қазіргі уақытта полицияға жәбірленушілерден 25 арыз келіп түсті. Өздеріне ұнаған пәтерді алу үшін екінші деңгейлі банк карталары арқылы алдын ала ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін "кәсіпкер" байланысқа шығуын тоқтатты. Ол жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталып, қамауға алынды. Жоғарыда аталған қылмыстық эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, алаяқтық дерегі бойынша Әуезов аудандық ПБ-да қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course up  586.74  course up  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети