Алматы тұрғыны жолдардағы заңбұзушылықтар туралы видео жариялап, айыппұл арқалады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны жолдардағы заңбұзушылықтар туралы видео жариялап, айыппұл арқалады

Алматы тұрғыны жолдардағы заңбұзушылықтар туралы видео жариялап, айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны жолдардағы заңбұзушылықтар туралы видео жариялап, айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде түрлі құқық бұзушылықтардың видеосы тарады. Кадрда жас жігіттің көлік жүргізу кезінде жолаушы жағына қарай жылжып, рульді жүргізушісіз қалдырғанын, терезеден еңкейіп, көлік жүргізуді жалғастырғанын, жоғары жылдамдықтағы адам қатардан қатарға күрт маневр жасағанын көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гражданский патруль - КЗ (@grpat.org.road)

Tengrinews.kz редакциясы қалалық полиция департаментіне түсініктеме алу үшін жүгінді. Ведомство мәліметінше, ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің алты бабы бойынша жазаланды. Олардың ішінде:

590-баптың 9-бөлігі бойынша "көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" - айыппұл бес АЕК немесе 17 250 теңге;
593-баптың 1-бөлігі бойынша "жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау" - бес АЕК немесе 17 250 теңге айыппұл;
630 - баптың 1-бөлігі бойынша "жолдардың, темір жол өткелдерінің және басқа да жол құрылыстарының зақымдануы" - екі АЕК немесе 6 900 теңге айыппұл;
595-баптың 1-бөлігі бойынша "маневр жасау ережелерін бұзу" - айыппұл бес АЕК немесе 17 250 теңге;
230-баптың 2-бөлігі бойынша "міндетті сақтандыру туралы Заңнаманы бұзу" - 10 АЕК немесе 34 500 теңге айыппұл;
593 - баптың 2-бөлігі бойынша "жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау" - бес АЕК немесе 17 250 теңге айыппұл.

Сонымен қатар, жүргізушімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети