24 сәуір 2015 17:29

Алматы тұрғыны көлік ретінде түйе мініп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Youtube.com скриншоты @Youtube.com скриншоты

Алматы тұрғыны Азамат Ахмет көлік ретінде түйе мініп жүр, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Ол түйені тек мініп қана қоймай, онымен ақша да тауып жүр. Қаржаубай деп өзі атаған түйені бес жыл бұрын оған сыйлық ретінде келген.

Азамат түйеге мінгісі келгендерді бір айналымын 500 теңгеге серуендетіп жүр. Түйеге айына 30 мың теңге жұмсалады. "Халық бізді жақсы қабылдайды. Келіп суретке түсіп жатады. Мен күн сайын түйені таңертең тарап, оның тамақтануын қадағалаймын", - деді Ахмет. Оның айтуынша, олар жол-көлік қозғалысына кедергі жасамайды.

Полиция қызметкерлері өз кезегінде түйе мен оның иесіне ешқандай шара қолданбайтынын айтты. Тек түйе өзін жолда дұрыс ұстауы керек. "Жануарлар да тірі жан иелері. Ол шошып кетіп басқа жолға шығып кетуі мүмкін. Сондықтан да олар басқаларға қандай қауіп төндіретінін өздері ойланулары керек. Ондай жағдайда біз қорғау мақсатында "Құқық қорғау қызметі" туралы заңның 60-бабына сай қару қолдана аламыз", - деді Алматы ІІД аға инспекторы Еркін Өтегенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети