Алматы тұрғыны өртеніп жатқан пәтерден зейнеткерді аман алып қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны өз өмірін қатерге тігіп, өртеніп жатқан пәтерден зейнеткерді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны өз өмірін қатерге тігіп, өртеніп жатқан пәтерден зейнеткерді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның ерлігі бейнебақылау камерасына түсіп қалып, әлеуметтік желіде жарияланды. Видеода көпқабатты үйдің бірінші қабатының қалай өртеніп жатқаны көрсетіледі. Дауыс жанып жатқан ғимаратқа кірмеуді сұрайды. Артынша ер адам әлсіреген адамды көшеге көтеріп шығады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ Official (@kris_p_brothers)

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 20 қарашада Наурызбай ауданындағы "Шұғыла сити" тұрғын үй кешенінде болған. Таңғы сағат 5:20 шамасында өрт сөндіру бөлімдеріне қоңырау түскен.

"Келген кезде тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаз өртеніп, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенін анықтадық", - дейді ведомство өкілі.

Қабылданған шаралардан кейін 10 минуттан соң өрт оқшауланған. Алайда өртсөндірушілер келгенге дейін үйде 1950 жылы туған үй иесі болған. Оны осы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғыны Еркебұлан Жанахметов құтқарып қалған. Ол өз өмірін қатерге тігіп, операциядан кейін өз бетімен қозғала алмайтын қарт адамды аман алып қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети