Алматы тұрғыны Саин көшесіндегі құрылысты әуеден көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы тұрғыны Саин көшесіндегі құрылысты әуеден көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бір күн бұрын тұрғын YouTube-арнасында видео жариялаған. Ол Саинның Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі бөлігін көрсеткен. Видеоға құрылыс жұмыстары түсірілген. Видео авторы биылғы мамырдың басында дрон көмегімен көшенің осы бөлігін түсіріп алғанын айтты. Оның айтуынша, жарты жылда "жобада болар-болмас өзгерістер ғана байқалған және Саин көшесінің жақын арада ұзаруы екіталай".
Назарларыңызға екі видеоны ұсынамыз: біріншісі мамырда, екіншісі қарашада түсірілген.
Қалалық мобильділік басқармасы Саин көшесін ұзарту жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Жолшылар жыл басынан бері 600 метрлік жағалау мен жол төсемінің іргетасын қалап, асфальтбетон жабынының төменгі қабатын құйып үлгерген.
"Сонымен қатар, Саин көшесін құрылыс кезінде ұзындығы 1,6 шақырым болатын жоғары вольтты желілерді көшіруді аяқтадық. Қазір жаңа құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр: үйінді төгу және жол төсемін төсеу. Жобада геотекстиль материалдар мен күрделі жол құрылысының негізін салу қарастырылған", - деді әкімдіктегілер.
Саинды ұзарту жұмыстары бойынша, барлығы 67 жер телімін алу жоспарланғаны айтылды. Оның 48-і сатып алынып, 21 ғимарат бұзылған. Үйлер босатылғандықтан, қалған ғимараттарды бұзу жұмыстары жүргізіледі.
Алматы қаласы Саин көшесінің перфокартасы
Еске салайық, Саин көшесі Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін үш шақырымға ұзарады. Одан әрі ол Бұрундай тасжолының бағытына апаратын тасжолға қосылуы керек. Кейбір картографиялық қосымшаларда көше Бауыржан Момышұлы есімімен аталады. Ал басқаларында Саин көшесі деп өзгертіліп қойған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!