14 тамыз 2020 | 11:01

Алматы тұрғыны ШҚО-ға 33 миллион теңгенің контробандалық тауарын өткізбек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметі Фото: Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметі

Алматы тұрғыны Қытайдан Шығыс Қазақстан облысына 33,8 миллион теңгенің контробадалық тауарын өткізбек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны Қытайдан Шығыс Қазақстан облысына 33,8 миллион теңгенің контробадалық тауарын өткізбек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті облыстық мемлекеттік кірістер басқармасымен бірігіп, жедел-іздестіру шарасы барысында "Майқапшағай" кеден бекетінде заңсыз тауар алып өтпек болған ер адамды ұстады.

Алматы тұрғыны жалған құжат жасап, Еуразиялық экономикалық одағының кеден бекетінен заңсыз тауар өткізбек болған.

"Ол өзінің арам ойын жүзеге асыру үшін Қытайдан әртүрлі 24 233 жұп аяқ-киім сатып алған. Кейін ол тауарды сатып алған компанияның менеджерінен ілеспе құжатқа 26 703 аяқ-киімді "пластмассадан жасалған өнім", 192 146 жұп ұлтарақ бар деп жазып беруді сұраған", - делінген қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тауарды кеден бекетінде тексеру барысында құжаттағы мәліметтер декларацияға сәйкес келмейтіні анықталған.

"Сарапшылардың қорытындысына сәйкес тауардың жалпы құны 33 860 588 теңге, кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы - 8 499 542 теңге", - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты күдіктіні ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы ("Экономикалық контрабанда") бойынша кінәлі деп үкім шығарды. Алматы тұрғыны айыппұл төлейтін болды. Сондай-ақ, 24 223 жұп аяқ-киім тәркіленді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети