12 қаңтар 2022 09:31

Алматы тұрғыны тәртіпсіздіктер салдарын әуеден түсіріп көрсетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы тұрғыны қала орталығындағы бірқатар ғимарат қирап, өртенген тәртіпсіздіктер салдарын әуеден көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғыны қала орталығындағы бірқатар ғимарат қирап, өртенген тәртіпсіздіктер салдарын әуеден көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторы - Артур Неупокоев. Ол 7 қаңтарда таңертең тәртіпсіздіктер салдарын түсіру үшін қалаға шыққан. Оның айтуынша, Республика алаңы қоршауға алынып, мегаполистің кейбір жерлерінде антитеррорлық операциялар жалғасып жатқан.

"Сондықтан мен шығыс айналма жолы маңында төбелердің біріне көтеріліп, дронды ұшырдым. Алаң аумағын түсіргенде жаным құлазып кетті. Мен қаланы әуеден түсіруге дағдыланғанмын және ол әрқашан таза, жазда жасыл желекке толы болатын. Бірақ бұл жолы көргенім мені мұңайтты", - деді видеоны YouТube-арнасына жариялаған автор.

Ер адамның айтуынша, аумақты түсіру кезінде оның дронын атып түсірген. Неупокоев ол мерген екеніне сенімді, өйткені дрон 50 метр биіктікте болған.

"Осындай қашықтан кішкентай нысанды ату оңай емес. Бірақ дронды қайтара алдым. Оқ тиген кезде басқару пультінде ақау шықты, байланыс жоғалды. Алайда мен оны ұшқан жеріне қайтара алдым", - деп түйіндеді Артур Неупокоев.

Айта кетейік, Республика алаңында бүлікшілер тәртіпсіздік ұйымдастырып, ғимараттар мен көліктерді өртеп жіберген болатын. Оқиға салдарынан қала әкімдігі ғимаратына айтарлықтай зақым келген. Тонаушылар Қазақстан Президентінің резиденциясын да ішінара қиратып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети