Алматы зообағы қызықты видео көрсетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram/almatyzoo

Алматы зообағы аптаптан жануарлар қалай қоғалатыны көрсетілген қызықты видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы зообағы аптаптан жануарлар қалай қоғалатыны көрсетілген қызықты видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күн ыстық, қапырық... Көп адамдар зообақтағы жануарлар аптап ыстыққа қалай шыдайды деп сұрақ қояды. Біздегі жануарлардың барлығы қажетті сумен қамтамасыз етілген. Бірақ, хайуанаттар бағына келушілер жануарларға арналған су құятын ыдыстарды байқай бермейді. Мысалы, ягуар, леопард, пума, түлкі, қасқырларға берілетін сулар техникалық аймақта орналастырылған ыдыстарда болады. Ол жердегі суларды жиі ауыстырып тұруға қауіпсіз әрі ыңғайлы. Техникалық аймақтағы сулар таза әрі салқын болып тұрады. Сондықтан, суларды біз негізінен үйшіктерге, көлеңкеге қоямыз", - делінген жазбада.

Борсық, ақ аю, жолбарыстар бассейінде шомылғанды жақсы көреді. Ал, пілдер үшін арнайы сенсорлы душ орнатылғаны айтылды.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода шимпанзе балмұздақ жеп отырғаны, піл душқа түсіп жатқаны және арыстандардың үсітіне су шашылып жатқаны көрсетілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы хайуанаттар бағы (@almatyzoo)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети