Алматы зообағында ягуар өмірге келді. Бұл туралы зообақтың Instagram-парақшасында жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы зообағында ягуар өмірге келді. Бұл туралы зообақтың Instagram-парақшасында жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа туған ягуардың анасы Момын 2010 жылы Алматы хайуанаттар бағында туған екен. Әкесі Василий зообаққа 2014 жылы Новосибирскіден әкелінгені хабарланды.
"Момын мен Василийдің тұңғыштары 2019 жылы туған болатын. Естеріңізде болса, алыстағы Аустралия құрылығында алапат өрт болып, осы оқиғаға жанашырлық танытып, қолдау білдіргеніміздің белгісі ретінде, арнайы байқау жариялап, оған Аустралия деген атты таңдағанбыз. Ол анасына тартып, теңбіл болып туды.
Енді, оның жақында ғана, 17 наурызда дүниеге келген інісі әкесіне тартқан - қара", - делінген хабарламада.
Зообақ мәліметінше, ягуарлар күнделікті 3 келі ет жейді. Қазіргі уақытта ягуардың анасының азықтық рационы 4.5 келіге көбейтілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!