Алматыда 1 маусымда азық-түлік сатпайтын базарлар жұмысын бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 1 маусымда азық-түлік сатпайтын базарлар жұмысын бастайды

Алматы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин карантин кезеңіндегі азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин карантин кезеңіндегі азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"25 мамырдан бастап, яғни алдағы дүйсенбіден бастап, біз ХҚКО-лар мен бұрын жабылған азық-түлік сататын орындар және ондағы әмбебап базарлардың жұмысын жаңартуды жоспарлап отырмыз. Бұл базарлар 25 мамырдан бастап бір уақытта ашылады деген сөз емес. Олар санитарлық-эпидемиологиялық нормативтерге сәйкестігі туралы акт өткеннен кейін ғана жұмысын бастайды", - деп түсіндірді Еркебұлан Оразалин.

Оның айтуынша, карантин кезінде осындай 23 нысанның тек 13-іне ғана жұмыс істеуге рұқсат берілген.

"Қазір 10-ға жуық базар қалып отыр (жабық - автор). Сондай-ақ, 11-шіcі бар, бұл даладағы "Барыс" базары. Олардың барлығы 25 мамырдан бастап қабылдауға дайындалып жатыр, комиссиямен жұмыс істеп жүр. Өкінішке қарай, әзірше бәрі жұмысқа дайын деп айта алмаймыз", - деді Еркебұлан Оразалин.

Кәсіпкерлер ашылу үшін бұрынғыдай infoalmaty.kz сайтына өтінім бере алады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік басқармасының басшысы азық-түлік емес нарықтарға қатысты ақпарат берді.

"Азық-түлік емес базарлар бойынша комиссиялық шешім қабылданғанын растаймыз. Алдын ала мәліметтер бойынша, тиісті аудиттен өткеннен кейін олар 1 маусымнан бастап жұмысқа оралады", - деп атап өтті Еркебұлан Оразалин.

Еске салайық, Алматыда 25 мамырдан бастап СҮ, СО, СОО аумағында орналасқан азық-түлік емес бутиктер, сұлулық салондары, химиялық тазалау орындары және мейрамханалар жұмысын қайта бастайды. Сауда нысандарының жұмысы 23.00-ге дейін рұқсат етіледі. СҮ, СО және СОО аумағындағы тамақтанатын орындардың ашылуы келесі, екінші кезең аясында жоспарланып отыр. 

Сондай-ақ, 25 мамырдан бастап Алматыда қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтану нысандарын және діни ғимараттарды кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети