Алматыда 1 маусымнан бастап қандай нысандар ашылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 1 маусымнан бастап қандай нысандар ашылады? © Әлихан Сәриев

1 маусымнан бастап Алматыда фитнесс-орталықтары, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар және азық-түліктік емес базарлар қызметін жандандырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 маусымнан бастап Алматыда фитнесс-орталықтары, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар және азық-түліктік емес базарлар қызметін жандандырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нысандардың қызметіне эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі.
Жұмысты бастар алдында, ұйымдар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы және нысандарды барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс, ол талаптар: жайларда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау және тағы басқа. 

Бұдан әрі, нысандар infokazakhstan.kz сайтына тіркелуі тиіс, онда олар өздерінің әзірлігін растайды және хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік береді.

Әрі қарай, олардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда, нысандарға, оларды толық жабуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік жүктеу қаупі бар. Жұмыс орындарына тікелей қажетті қызметкерлер санын кәсіпорын басшылары өздері белгілейтінін қосымша хабарлаймыз. Сұлулық және денсаулық индустриясының нысандары үшін жұмыс кестесі штат режімінде қалып отыр.

Жалпы алғанда, жұмысқа жалпы 7,2 мың адам санымен 900-ден аса нысан оралады деп болжанған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети