Алматыға Оңтүстік-Шығыс Азиядан Kenji Chai суретшісі ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыға Оңтүстік-Шығыс Азиядан Kenji Chai суретшісі ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол арнайы ІІІ халықаралық MURAL FEST монументалды өнер фестиваліне қатысу үшін келген. Айта кетейік, Kenji Chai 87,1 метрге жететін ең ұзын суреттің авторы, ол - Малазияның ұлттық рекордының иегері.
Суретші Әуезов ауданының Мамыр-3 ықшамауданындағы 9 қабатты үйді өз стилінде салуды жоспарлап отыр екен.
"Мүмкіндіктерімді көрсеткім келеді. Алматы - өте әдемі мегаполис. Өз жұмысым арқылы алма қаласын әсемдеп көрсеткім келеді", - дейді Kenji Chai.
Сондай-ақ, Алматының әр 10 үйінің алдында және Абай, Байтұрсынов, Назарбаев даңғылында сурет салу жоспарында бар екен. Айта кетейік, 2 жыл ішінде Алматыда 17 үй осылай әрленген.
ІІІ халықаралық MURAL FEST монументалды өнер фестивалі Алматы күніне орай ұйымдастырылып отыр. Фестивалге қатысу үшін мегаполиске әр мемлекеттегі атақты суретшілер жиналған. Олар: Украина, Ресей, Малайзия, Түрік және Ұлыбритания мемлекеттеріне келіп жатыр.
Алматының Бостандық ауданын, Тимирязев пен Жароков көшелері қиылысын әсемдеуге бірінші болып Украина мемлекетінің суретшісі Андрей Кравченко кірісіп кетті. Кейін фестивальді Ресей мемлекетінің UKCLUB командасы жалғастырып кетті.
Осылайша мегаполисте қазақтың жазушылары және қазақ әдебиетінің негізін қалаушылары, Абай және басқа да қазақтың мемлекет қайраткерлері, педагог, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы, ұлы қазақ ақындары, композитор, ағартушы, ойшыл және қоғам қайраткерлерінің портреттері пайда болды.