07 сәуір 2023 | 15:02

Алматыда 10 жастағы баланың асқазанынан бір келі шаш шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық хирургтар баланың асқазанынан 900 грамм шаш пен жүнді алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық хирургтар баланың асқазанынан 900 грамм шаш пен жүнді алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына 10 жастағы науқас іштің ауырсынуына, құсуға, әлсіздікке, мазасыздыққа шағымданып шұғыл түскен. Құрсақ қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясында асқазанынан бөгде зат (безоар) анықталған.

Клиника хирургтары бөтен затты хирургиялық жолмен алып тастауға, яғни гастротомия жасауға шешім қабылдаған.

"Оператор Марат Қаптағаев, ассистент Азат Олжабаев және анестезиолог-реаниматолог Жандос Шолахов 90 минутқа созылған операцияны сәтті аяқтады. Олар асқазан мен он екі елі ішектен 900 грамм шаш пен жүнді алыптастады", - деді балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Анасының айтуынша, баланың шашын, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнап, жұтып қоятын жаман әдеті болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети