Алматыда кезең-кезеңімен қоғамдық көлік жұмысы жанданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда кезең-кезеңімен қоғамдық көлік жұмысы жанданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы Қалалық мобильділік басқармасы мәліметінше, 10 қаңтардан бастап 11 бағыт бойынша қоғамдық көлік іске қосылады. Олар сағат 7.45-тен сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл - №34, №118, №38, №205, №206, №16, №11, №128, №141, №65 бағыттағы автобустар.
Қоғамдық көлік мынадай бағыт бойынша қатынайды:
№ 11: Саин - Райымбек - Тәтібеков - Думан ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),
№ 128: Саин - Жандосов - Алтынсарин - Абай - Достық - Самал ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),
№ 141: Рысқұлов - Розбакиев - Райымбек - Саяхат - Достық - Мұзтау ықшамауданы (Бутаковкадан бұрылады) (кері осы бағыт бойынша),
№ 65: Саин - Төле би - Абай - Достық - Думан ықшамауданы (кері осы бағыт бойынша),
№ 206: Төле би - Саин - Төле би көшесі бойымен - ҮААЖ (кері осы бағыт бойынша),
№ 38: әл-Фараби - ҮААЖ - Саин - Рысқұлов,
№ 205: Жетісу базары - ҮААЖ - Төле би - Темирязев - Саин - әл-Фараби (кері осы бағыт бойынша),
№ 16: Төле би - Саин - Төле би көшесі бойымен - Желтоқсан/Наурызбай батыр - Гоголя - Мәдениет және демалыс саябағы (кері осы бағыт бойынша),
№ 118: Райымбек - Саин - Абай - Назарбаев - Төле би - Қалдаяқов - Гоголя - Мәдениет және демалыс саябағы (кері осы бағыт бойынша).
Бұл автобустардың 11-12 қаңтарға арналған бағыты. Сондай-ақ, басқарма өкілдері қала маңындағы қоғамдық көлік жұмысы туралы қосымша ақпарат беруге уәде берді. Алматы метросы ТЖ режиімі аяқталғанға дейін жабық болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!