Алматыға қосылған іргелес ауданның тұрғыны қала әкіміне мектептерде дәретхана жоқ екенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ахметжан Есімовтің есеп беру кездесуінен.
Алматыға қосылған іргелес ауданның тұрғыны қала әкіміне мектептерде дәретхана жоқ екенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ахметжан Есімовтің есеп беру кездесуінен.
"Әкім мырза, біздің ауданда мектеп ғимаратының ішінде дәретхана жоқ. Дәретхана сыртта орналасқан. Біз балаларымыздың жағдайына алаңдаймыз, бұл мәселе қалай шешіледі?" - деді бір әйел Есімовке.
Әкім бұл мәселеден хабардар екенін айтты. "Жаңа аумақтардың қосылуына байланысты қалаға мектептер де енді. Көбіне біз күрделі жөндеу жүргіздік, әлі де біраз жұмыс істеу керек. Қазіргі ахуал қандай?" - деп сұрады әкім қалалық білім басқармасының басшысы Рахат Шимашевадан.
Ол, шынында да, қала аумағына қосылған 15 мектептің 10-ында ғимарат ішіндегі дәретханалардың жоқ екенін айтты. "Дәретханалар аулада орналасқан, мәселе шешіліп жатыр. Біз онымен айналысатын боламыз", - деді Шимашева.
Бұған дейін Алматы облысында мектептің дәретханасыз салынғаны хабарланған еді. Кейін бұл мектептің қаланың меншігіне қарайтыны анықталды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы облыстық әкімдік мамандары хабарлады.