30 желтоқсан 2014 11:01

Алматыда 100-ден астам медицина қызметкеріне пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Алматының Алатау ауданындағы "Алғабас-6" ықшамауданында салынған шағын отбасылық жатақханадан 138 алматылық медицина қызметкеріне пәтер кілттері табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматының Алатау ауданындағы "Алғабас-6" ықшамауданында салынған шағын отбасылық жатақханадан 138 алматылық медицина қызметкеріне пәтер кілттері табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Медицина саласының қызметкерлеріне арнап салынған қызметтік жаңа жатақхананың ашылу салтанатына Алматы әкімі Ахметжан Есімов қатысты. Салтанатты рәсім барысында ол қалада тек үш жылдың ішінде ғана осы сала бойынша 18 нысан салынғанын айтты. Ал жыл сайын саланы қаржыландыру көлемі артып келеді. "Биыл медицина қызметкерлері күніне орай біз өз мүмкіндігімізді қарастырып, тағы да 1 миллиард теңге бөлдік, оның 660 миллион теңгесі саланың үздік қызметкерлерін ынталандыруға жұмсалды, 2,5 мың адам 180 - 280 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Қалған 340 миллион теңге жатақхана салуға жұмсалды", - деді Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар, қала басшысы "халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында 54 дәрігердің пәтер алғаны денсаулық саласы үшін жақсы нәтиже", - деп атап өтті. Әкімнің мәлімдеуінше, Алматы тұрғындарының орташа өмір сүру жасы еліміз бойынша алдыңғы қатарда. Жалпы өлім, соның ішінде сәбилер мен аналар өлімі де азайған. "Денсаулық сақтау көрсеткіші бойынша Алматы жетекші орында", - деді Ахметжан Есімов.

Еске сала кетейік, желтоқсан айының басында Алматыдағы колледжде болған жарылыстан зардап шеккендерді құтқарған дәрігерлерге iPhone берілген болатын. Алматы денсаулық сақтау басқармасы Мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы 10 iPhone смартфонын сатып алды. Оған 1,8 миллион теңге бөлінген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети