Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №137 бағыт бойынша жолға шыққан Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустарды көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №137 бағыт бойынша жолға шыққан Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустарды көрді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрындары бұл бағыт бойынша жоспарланған 20 көліктің небәрі 6 ғана жолға шығатын, соның салдарынан қозғалыс интервалы 50 минут болатын. Бұл бағыт тұрғындарға өте қажет, көлік "Қайрат" елді мекенін, Алматы-1 теміржол вокзалын, Универсалды базарды, Сайран автобекетін, Қалқаман елді мекенін, №7 қалалық емхананы, Наурызбай ауданының әкімшілік орталығын қамтиды. Осыған орай, бұл бағыт бойынша сыйымдылығы үлкен төмен еденді 20 автобусы бар "Алматыэлектротранс" ЖШС қызмет көрсетуі тиіс деген шешім қабылданды. Соның арқасында бағыттағы интервал бұрынғы 50 минуттан 12 минутқа дейін қысқарып, жолаушы легі бес есе артады деп күтілуде.
"Біз екі жылдан астам уақыт бойы кез- келген мегаполисте күрделі болып табылатын көлік реформасын жүргізудеміз.Бюджет қаржысы есебінен автобустарды сатып алудамыз, жеке тасымалдаушылар да қозғалмалы составты жаңартуда. Алайда, кейбіреулер жеке қаржыларын салуға, нарықтық қатынаста жұмыс істеуге дайын емес, Мысалы, №137 бағыттағы автобустар сонау 2003 жылы ғана жаңарған екен. Бүгінгі күні автопарктерін жаңартқан компанияларға субсидиялар бөлінеді барлық тасымалдаушыларға жеңілдетілген жолаушылар үшін төлем беріледі. Қазіргі кезде алдағы болашаққа жұмыс істеқала басшысы.
Бауыржан Байбек Алматы қаласы үшін тасымалдау қыземт көрсететін 1400 автобустың аздық ететінін, қалада 2 миллион адам тұратынын, сондықтан көлікті реформалау аясында тұрақты жұмыстардың жүзеге асып жатқанын, газбен жұмыс істейтін 200 автобусқа есептелген автопарктің, электроавтобус құрастыратын зауыттың, метро бекеттерінің салынып жатқанын және ЖРК жобасының қолға алынғанын айтты.
Еске салайық, Алматыда №12, 22, 50, 56, 65, 69, 70, 86, 95, 103, 112, 115, 124, 126, 127, 131 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №1 бағыт пен №201 магистральды бағыты ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған болатын.