15 қараша 2022 16:35

Алматыда №14 бағыт автобустары жаңартылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда №14 маршрут автобустары жаңартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда №14 маршрут автобустары жаңартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 16 қарашадан бастап №14 бағытқа 15 жаңа автобус шығарылады.

"Кейінгі айларда осы бағытта жоспарлы шығу 30-40 пайызға дейін түсіп кеткен болатын. Сондықтан маршрутты басқа тасымалдаушы компанияға беру туралы шешім қабылданды. Алдағы уақытта маршруттағы автобустар саны 18-ге жеткізіледі.

Қалалық мобилділік басқармасы қызмет көрсету сапасын жетілдіру мен жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатқандығын атап өткен жөн. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең кезеңімен жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram