Алматыда коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін берілетін 15 мың теңге алу үшін қосымша байланыс орталығы жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматыда коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін берілетін 15 мың теңге алу үшін қосымша байланыс орталығы жұмыс істей бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
"27 сәуірден бастап халықтың осал топтарының өкілдері өз өтінімдерін мына телефон нөмірі арқылы қалдыра алады: +7 (727) 377-74-44", - делінген хабарламада.
Еске салайық, коммуналдық қызмет шығындарын өтемді алу үшін 22 сәуірден бастап мына нөмірі бойынша call-орталық іске қосылған болатын:
+7 (727) 341-05-27.
Кімдерге коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден төленеді?
Карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы 15 мың теңгеден жіберіп отырады.
Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың келесі санаттары анықталды:
- 1, 2, 3 топ мүгедектері;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
көпбалалы отбасылар; - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
- төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!