Алматыда 150-ден аса жүк көлігінің жүргізушілері қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыда 150-ден аса жүк көлігінің жүргізушілері қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен күні полиция қызметкерлері олардың үшеуін ғана қаланың әр жерінде анықтаған. Бірнеше құрылыс нысандарының маңайында қала жолдарындағы жол бөлігінің ластану дерегі белгілі болды. 150-ден астам жүк көлігінің жүргізушілері қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауапқа тартылды.
"Әдетте, көліктердің доңғалақтарындағы қоқыс жол бойына шашылып жатады. Жүргізушілер құқық бұзушылықтың салдарын дереу жою шараларын үнемі қолдана бермейді. Бұл жағдайда полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігімен және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен хаттама толтырады. Біз әлеуметтік желілердегі белсенді мониторинг кезінде мұндай деректерді біліп жатамыз. Қалалық полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жүк таситын көліктердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын үнемі тексеретінін атап өткім келеді.
Құрылыс алаңынан шығатын жерді стационарлық жуғышпен жабдықтау, кіреберіс жолдарды ұйымдастыру, бетонды төсеу, лайды шығаруды болдырмау үшін тікелей шыға берісте БӨП орнату бойынша "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескермеуге жол бермейміз", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!