27 мамыр 2020 | 15:40

Алматыда 150 коронавирус ошағы бар - Сағынтаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде Алматыда 150 коронавирус ошағы бар. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Алматыда 150 коронавирус ошағы бар. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген кезде 613 ошақ болды, 464 ошақтан шектеу шаралары алып тасталды, енді бүгінде 150 ошақ бар", - деді Алматы әкімі брифинг барысында.

Сағынтаевтың айтуынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 22 сәуірде көп болды. Ол кезде 132 ошақтан вирус анықталған. Ал кейін науқастар саны біртіндеп азайған.

Сондай-ақ, қала әкімі коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында қандай шаралар қабылданып жатқанын айтып өтті.

 

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті, 4613 адам айығып, 37 адам қайтыс болды.

"Екінші толқынға дайын болуымыз керек" - Тоқаев COVID-19 туралы

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети