Алматыда 2 жедел жәрдем жүргізушісі коронавирустан қайтыс болды - Надыров

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2 жедел жәрдем жүргізушісі коронавирустан қайтыс болды - Надыров

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров жедел жәрдем қызметінің 2 жүргізушісі COVID-19 вирусынан қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда медицина қызметкерлері арасында адам өлімі тіркелген жоқ. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметінің 2 жүргізушісі коронавирустан қайтыс болды. Сондай-ақ, орталық қалалық клиникалық ауруханасында лифтіде жұмыс істейтін бір қызметкер көз жұмды. Қайтыс болғандарға 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Алматыда 12 995 адам COVID-19 жұқтырған. 7 965 науқас дертінен айықты, 164 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 96 922-ге жетті. 70 680 науқас жазылды, 1 058 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети