30 сәуір 2015 | 09:49

Алматыда 2 мамыр күні түнде велосипедшілер жарысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© esnews.kz © esnews.kz

2015 жылдың 2 мамырында Алматыда Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне арналған VII маусымның алғашқы түнгі велошеруі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2015 жылдың 2 мамырында Алматыда Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне арналған VII маусымның алғашқы түнгі велошеруі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұзындығы 9 шақырым болатын веложарыс Желтоқсан көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін барып, Бірінші Президент саябағында мәреге жетеді. Жарысқа қатысушылар Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы Республика алаңында сағат 20.00-де жиналулары тиіс, велошеру сағат 20.30-да басталады. Веложарысқа қатысушылар өз велосипедтерін жарық көздерімен барынша көп безендірулеріне болады.

"Аталған шараға қатысты Республика алаңынан (Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы) Бірінші Президент саябағына (әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесі) дейінгі аралықтағы көлік қозғалысының бір бөлігі шектеледі. Сондықтан қалалықтарды жүретін бағыттарын алдын-ала анықтап алуды өтінеміз", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Айта кетейік, Алматыда велошерулер 2009 жылдан бастап өтіп келеді. 2014 жылы 14 веложарыс өтті, оның екеуі түнде болды. Биыл алғашқы веложарыс 12 сәуірде өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети