Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматыда 2017 жылғы Универсиаданың талисманы мен медальдары таныстырылды

20 Тамыз 2016, 15:34
0

Алматыда 2017 жылғы Универсиаданың талисманы мен медальдары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымдастыру комитетінің отырысынан. 

Қысқы Универсиаданың дайындық және өткізу ісі жөніндегі дирекциясының жетекшісі Наиль Нұровтың айтуынша, бұл талисмандардың үшінші нұсқасы екен. Оны "Сұңқар" деп атап, малақай кигізіп, ұлттық нақыштағы оюы бар мойынорағыш тағу туралы шешім қабылданыпты. Нұров талисманның жақсылықтың нышаны болуын сұңқар құсының қатаң сипатымен үйлестіру ең қиыны болғанын айтып отыр. "Егер одан ойыншық жасауға болса, талисман сәтті шықты деуге болады деген пікір бар", - деді дирекция басшысы. 

Сызбаларды 2017 жылғы Универсиаданың ұйымдастур комитеті ұсынды

Мұнымен қатар, Нұров алау эстафетасы туралы айтып берді. Жстафета ерекше форматта өтеді. Оттың шығу салтанатын бір жерде емес, барлық облыс орталығында, Астана мен Алматыда 19 ЖОО-ның базасында өтеді екен. Отты жағу әдісін студенттер ойлап табады. Осыдан кейін әр аймақтан шыққан алау Алматыда кездеседі. Алау эстафетасы 2017 жылдың 25 қаңтарында басталады. 

Сонымен қатар, марапаттау медальдары таныстырылды. Олар метал ерітінділерінен классикалық мәнерде алтын, күміс және қолаға ұқсап жасалған. Медальдар Қазақстан теңге сарайында жасалған. Медальдың бетінде Халықаралық студенттер спорты федерациясының логотипі, ойындардың атауы және өтетін орны белгіленген. Ал кері бетінде Универсиаданың логотипі бар. Нұровтың айтуынша, FISU медальдарға EXPO логотипін қосуға рұқсат бермепті. 

Айта кетейік, жалпы универсиадада 12 спорт түрінен медальдың 86 жиыны сарапқа салынады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай