15 қараша 2021 | 16:21

Алматыда 21 қарашадан бастап карантин шаралары жеңілдейді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы апта соңына дейін коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақта қалса, Алматыда карантин шаралары әлсіреуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы апта соңына дейін коронавирустың таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақта қалса, Алматыда карантин шаралары әлсіреуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы 14 қарашадан бастап "жасыл" аймаққа өтті. Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, коронавирус таралуы бойынша жағдай одан ары тұрақталса, қала жеті күн ішінде "жасыл" аймақта болса, 21 қарашадан бастап Алматыда "жасыл" аймаққа сай жұмыс режимі енгізіледі.

Егер қала "жасыл" аймаққа ауысса, Ashyq нысандарының жұмыс уақыты екі сағатқа артады. "Ashyq көшбасшылары" 05.00-ге дейін, басқа Ashyq мүшелері 03.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, Ashyq нысандарына келушілер саны артады.

Түрлі іс-шараларды өткізу ережелері де өзгереді. Келушілер мен қызметкерлерде "жасыл" мәртебе болған кезде:

  • салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу - 50 пайызға дейін, бірақ 100 орыннан аспайтын;
  • адам көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шаралар өткізу - 50 пайызға дейін, бірақ 100 орыннан аспайтын;
  • көрмелер - бір уақытта 70 пайыздан аспайтын, бірақ 500 адамнан аспайтын;
  • көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шаралар - 80 пайыздан аспайтын.

Еске салайық, 15 қарашада Алматы коронавирус жағдайы бойынша "жасыл" аймақта қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети