29 мамыр 2020 | 12:15

Алматыда 30 мамырдан бастап діни мекемелер жұмысын бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© muftyat.kz © muftyat.kz

30 мамырдан бастап Алматы қаласындағы діни ғимараттар өз жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

30 мамырдан бастап Алматы қаласындағы діни ғимараттар өз жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Алматы қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №32 қаулысына сәйкес, ертеңнен бастап санитарлық-дезинфекциялау режимінің талаптарын қатаң сақтаған жағдайда қаладағы діни ғимараттар өз жұмысын бастай алады.

"Карантин уақытында діни нысандардың жұмыс жасауларына қойылатын басты талап: ұжымдық іс-шаралардың өткізілуіне шектеу қойылуы. Атап айтсақ, жұма намаздары, сенбі және жексенбі күні өткізілетін ғибадаттар, адамдармен топталып діни өлеңдер айту секілді және басқа да ұжымдық сипатқа ие құлшылықтарды өткізуге рұқсат етілмейді.

Сонымен қатар, құлшылық кезінде діни қызметшілер медициналық маска мен қолғап киюге және де әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті. Ал, маска кимеген және респираторлық аурулардың кез келген белгілері бар (температураның көтерілуі, жөтел, тамақтың ауруы, тыныс алудың қиындауы) адамдар діни ғимаратқа кіргізілмейді", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, діни шараларға қатысуларына рұқсат етілген адамдарға ғимарат ішінде 15-20 минуттан артық бөгелулеріне рұқсат етілмейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети