Алматыда 4 жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен самокат жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда 4 жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен самокат жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол 24 жастағы жігіт екені хабарланды. Алматы облысы Іле ауданында тұрады.
"Ер адам кінәсін бірден мойындады, ол жауапкершіліктен қорқып, баланы қағып кеткен соң қашып кеткенін айтты. Самокат жүргізушісі жанында сүйіктісі болғанын айтты. Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 2-бөлігі "Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Бұған дейін жаяу жүргіншілер жолында самокатпен келе жатқан екі адам төрт жасар баланы қағып кеткені хабарланған еді. Кейін олар оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!