23 қаңтар 2021 | 17:53

Алматыда 40 көше ұзарады: карта жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.gov.kz © almaty.gov.kz

Алматыда 40-қа жуық көшені ұзарту және кеңейту ұсынылды. Жобалаушылардың жаңа жол салу жоспары 2030 жылға дейін есептелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 40-қа жуық көшені ұзарту және кеңейту ұсынылды. Жобалаушылардың жаңа жол салу жоспары 2030 жылға дейін есептелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылар жаңа көшелерді екі кезеңде салуды ұсынады. Көшелердің бір бөлігі - 2025 жылға дейін, ал екіншісі - 2030 жылға дейін. Төле би көшесі мен Рысқұлов даңғылы бойынша құрылысты екі кезеңге бөлуге кеңес берілді.

Рысқұлов даңғылын алдымен қала шекарасына дейін ұзарту жоспарланды. 2025 жылға дейін Оңғарсынов көшесінен Іргелі ауылына дейін жол салу ұсынылады. Оның жалпы ұзындығы 2,7 шақырым болуы керек. Әрі қарай 2030 жылға дейін мамандар Іргелі ауылынан Кемертоған ауылының шетіне дейін жол салуға кеңес береді. Мұнда жол ұзындығы 2,8 шақырым болады.

Рысқұлов даңғылының ұзаруы: көк түспен 2025 жылға дейінгі, ал қызыл түспен 2030 жылға дейінгі жұмыс кезеңі белгіленген. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Кемертоған ауылының маңында болашақта үлкен Алматы айналма автомобиль жолы салынады. Осылайша Рысқұлов даңғылы 2030 жылға қарай әлі салынбаған ҮАААЖ-ға дейін созылмақ. Жолдың жалпы ұзындығы 5,5 шақырымға есептелген.

Осы уақытқа дейін ҮАААЖ-ға Төле би көшесін де тарту ұсынылды. Алайда оны алдымен 2025 жылға қарай Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту ұсынылады. Ұзындығы 3,7 шақырым болады. Келесі бес жыл ішінде сарапшылар жолдың екінші бөлігін салуға кеңес береді, оның ұзындығы 3,8 шақырым болады.

 

ҮАААЖ аясында Рысқұлов пен Төле биді ұзарту. Фото ©Kolesa.kz. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Аталған екі көшенің оңтүстігінде (тауларға жақын) мамандар тағы бір үлкен жобаны жүзеге асыруға кеңес береді. Наурызбай ауданының шетінде олар Райымбек даңғылы мен Жандосов көшесінің арасында орналасқан Карьерная көшесін кеңейтуді ұсынады. Учаскенің ұзындығы 5,6 шақырым.

Сонымен қатар Тау Самал және Ақжар шағын аудандары арқылы Шаляпин көшесін Карьерная көшесіне дейін ұзарту ұсынылды. Құрылыс аяқталғаннан кейін жол 2,6 шақырымға созылады.

Екі жоба да 2030 жылға дейін аяқталуы керек.  

Карьерная (көк түспен белгіленген) және Шаляпин (қызыл түспен белгіленген). Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Шаляпина мен Төле бидің арасында Карьернаяға қарай тағы бір жол салу ұсынылды. Ол Жұбанов көшесінің жалғасы болуы тиіс. Жол бойында Қарахан және Сәбденов көшелері орналасқан. Жаңа жолдардың жалпы ұзындығы 5,3 шақырым, құрылыс жұмыстарын 2030 жылға дейін аяқтау керек.

Сонымен қатар, Жұбанов көшесін тек батысқа қарай емес, шығыс жағына да ұзарту ұсынылды. Мұнда олар көшені Шевченко көшесімен байланыстырғысы келеді. Олардың арасында Есенжанов көшесі бар, оны кеңейтіп, жобаға қосуға болады. Жаңа жолдың бойында Сайран көлі де бар. Көше төсеу кезінде мұнда көпір, эстакада немесе басқа аспалы құрылым салынуы мүмкін. Ұсынылатын жұмыстардың жалпы ұзындығы 2,4 шақырым. Жолды 2030 жылға дейін салу ұсынылды.

Құрылыс аяқталғаннан кейін біріккен көше біржақты болуы мүмкін, өйткені қазіргі уақытта Шевченконың бойымен тек батыс бағытта жүре аласыз.

Шевченконың Жұбанов көшесіне қарай жасалуы (көк түспен бөлінген) және Есенжанов көшесі (қызыл түспен). Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Болашақта Жандосов көшесі Тау Самал шағын ауданынан Шаймерденов көшесіне дейін ұзаруы мүмкін. Жаңа жолдың ұзындығы екі шақырымға есептелген. Мұнда Торайғыров көшесін Саин көшесінен Шаймерденовке дейін ұзындығы 1,1 шақырым етіп созу ұсынылды. Екі көше де 2030 жылға дейін қайта төселуі керек. 

Жобалаушылардың тағы бір ұсынысы - Тау Самал шағын ауданында орналасқан Торайғыровты Саин көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін ұзарту. Жалпы ұзындығы 3,6 шақырым болады, ал жұмыстар 2030 жылға қарай аяқталмақ.

Жандосов (қызыл түспен) және Торайғыровтың (көк түспен) ұзаруы. Сондай-ақ, Торайғыровты өзгертудің балама нұсқасы (жасыл түспен бөлінген) көрсетілген. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Бостандық ауданында Науаи көшесін Жандосовтан Абай даңғылына дейін ұзарту ұсынылды. Жолдың бір бөлігі Шаляпин мен Сәтпаев көшелерін жалғайтын Щепетков көшесі арқылы өтеді. Жалпы ұзындығы 1,2 шақырым болады, ал жұмыстар 2025 жылға дейін аяқтады.

Щепетков көшесі арқылы Навоиді ұзарту (көк түспен көрсетілген). Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Осы ауданда 2030 жылға қарай Байтұрсынов көшесін оңтүстік бағытта кеңейту ұсынылды. Қазір бұл жерде тек екі жолақты қозғалыс бар. Сондай-ақ, жолды Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін созу ұсынылады.

Байтұрсынов көшесі Әл-Фараби даңғылымен қиылысатын Сейфуллин даңғылына шығуы мүмкін. Жолдың жалпы ұзындығы 1,8 шақырым болады. Бұл Сәтбаевтан Әл-Фарабиге дейінгі арақашықтық.

Байтұрсынов көшесінің қиылысы (көк түспен бөлінген), Әл-Фарабиге қарай. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Медеу ауданында Сәтбаев көшесін Шығыс айналма автомобиль жолына дейін ұзарту ұсынылады. Ұзындығы 900 метр жаңа жолды салу кезінде Коккинаки, Хмелев немесе Шымбұлақ көшелері пайдаланылуы мүмкін. Жұмыстар 2030 жылға дейін аяқталу керек.

Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Тағы бір көше Шығыс айналма автомобиль жолына дейін созылуы мүмкін. Бұл - Райымбек даңғылы. Оны жобалаушылар 2,4 шақырымға ұзартуды ұсынып отыр. Бәлкім, мамандар Шақшақ Жәнібек пен Орынбор көшелерін кеңейтуге ниетті. Содан кейін қайта жаңғыртылған жолдар Райымбек даңғылына қосылады да, ол Шығыс айналма автомобиль жолына жалғасады. Барлық жұмыс 2025 жылға дейін аяқталуы керек.

Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Осы жерден солтүстікке қарай Шемякин мен Жетісу көшелерін кеңейту және жалғау ұсынылды. Жаңа жол Рысқұлов пен Райымбек даңғылдарының арасындағы тағы бір дәлізге айналуы тиіс. 2,3 шақырымға жөндеу жұмыстарын 2030 жылға дейін аяқтау керек.

Шемякинді Жетісуге қарай ұзарту. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Құлжа тас жолының оңтүстігінде жаңа жол салу ұсынылды. Ол ашылса, тұрғындарға қаланың батысына жететін тағы бір жол болады. Мамандар Жетісу базарының жанында жолды Хмельницкий көшесіне қарай кесіп өтуді ұсынады. Оған Қайрат шағын ауданындағы Қорімдік және Тараз көшелері негіз бола алады.

Сарапшылар Хмельницкий көшесін ұзартып, оны батыс жағындағы Жұмабаев көшесімен байланыстыруды ұсынады. Хмельницкий екі бағытта ұзарса, 1,8 шақырым болады. Мұнда жол 2030 жылға дейін пайда болуы мүмкін.

Ал батыстағы Жұмабаев көшесін Боралдай трассасына қарай 2,6 шақырымға ұзарту ұсынылды. Жоба 2030 жылға дейін іске асырылған жағдайда жол құрылысы Қарасу және Өжет шағын аудандарындағы жер учаскелеріне жетеді. Хмельницкий және Жұмабаев көшелерін жөндеу нәтижесінде қалада Түрксіб және Жетісу аудандарын қосатын көше пайда болады.

Жұмабаевты Боралдайға қарай ұзарту (көк түспен бөлінген). Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Боралдай тас жолына қарай оңтүстіктен тағы бір жол салынуы мүмкін. 2030 жылға дейін Алатау ауданында Рысқұлов даңғылынан бастап Тілендиев көшесін ұзарту ұсынылды. Жоба іске асқан жағдайда бұл жол тізімдегі ең ұзындардың бірі болады - 9 шақырым.

Жобалаушылар Тілендиев көшесін алматылықтар болжағандай Ұлжан шағын ауданына емес, Шаңырақ-1 шағын ауданында орналасқан және ҮАК бойындағы көшеге тірелетін Өтемісов көшесіне қарай созу қажет дейді.

Тілендиев және Өтемісов көшелері қиылысқаннан кейін Боралдай тас жолына жеткізу ұсынылды. Алайда бұл маршрутта өзен бар және "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркі орналасқан. Жол қайда салынуы керек екені нақтыланбады.

Тілендиев пен Өтемісовтің ұзаруы. Рысқұловтан ҮАК бойына дейін көкпен, Боралдай тас жолына дейінгі учаске қызылмен көрсетілген. Қорғанның аумағы көгілдір түспен белгіленген. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Бұл ауданда тағы бір жол жобасын жүзеге асыру ұсынылды. Бұл - Мөңке би (Ақын сара) көшесінің Солтүстік айналым көшесіне дейінгі аралық. Жол құрылысын 2025 жылға қарай аяқтау көзделіп отыр. Салынатын көшенің жалпы ұзындығы 4,7 шақырым болады. Жол жұмыстары Көк-Қайнар, Әйгерім-2, Шаңырақ-2, Шаңырақ-1, Ұлжан-1 және Шапағат шағын аудандарындағы учаскелерге тиюі мүмкін. Нәтижесінде Мөңке би барахолка орналасқан көшеге дейін созылады.

Мөңке би (Ақын сара) көшесінің ұзаруы - көк түспен бөлінген. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Алатау ауданында Рысқұлов даңғылына тағы бір жол жеткізілуі мүмкін. Бұл - Шаңырақ-2 шағынауданындағы орталық саналатын және ҮАК-ден бастау алатын Жанқожа батыр көшесі. Мамандар 2030 жылға қарай оны Рысқұлов - Емцов қиылысында аяқталатын Ырысты көшесіне қарай кеңейтуді ұсынды.

Осы көшелердің қиылысында қазір жолайырықтың құрылысы жүріп жатыр. Жанқожа батыр көшесінің ұзаруынан қаланың солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын тағы бір көлік дәлізі пайда болуы керек. Жол ұзындығы 2,5 шақырым. Ол 2030 жылға қарай аяқталуы тиіс.

Жанқожа батырды Ырыстыға дейін ұзарту (көк түспен бөлінген). Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Әйгерім, Әйгерім-2, Көк-Қайнар, Бұрындай және Томирис сияқты басқа да шағын аудандардың тұрғындары Емцов арқылы қатынайды. Бұл жолдағы көлікті азайту үшін сарапшылар Өтеген батыр көшесін Райымбек пен Рысқұлов аралығында ұзартуға кеңес береді. Сірә, жаңа жолды аталған шағын аудандарға апаратын Сағи Әшімов көшесіне жеткізеді. 2030 жылға дейін аяқтау жоспарланған жөндеу жұмыстарының ұзындығы бір шақырым.

Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Ал Алмалы ауданында 2025 жылға дейін Әуезов көшесін MAXIMA СОО-ға дейін жеткізу ұсынылды. Гоголь мен Райымбек көшелерінің арасындағы жаңа жолдың жалпы ұзындығы 760 метр болуы тиіс.

Сарапшылар Әуезовты Жетісу ауданына қарай солтүстік бағытта ұзарту жобасын жалғастыруға кеңес береді. 2030 жылға дейін олар Жансүгіров көшесіне шығатын Серіков көшесіне дейінгі жолды жалғастыруды ұсынды. Жол ұзарса, 8,5 шақырым болады. 

Әуезовті (көк түспен бөлінген) Серіков көшесіне қарай (қызыл түспен бөлінген) ұзарту. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Алмалы ауданындағы Әуезов көшесінің жанында Мұқанов көшесін ұзарту ұсынылды. Мақатаев көшесінен Райымбек көшесіне дейін жаңа жолдың ұзындығы бар болғаны 200 метр. Алайда қашықтықтың шағын болғанына қарамастан, Мұқанов көшесі ұзарса, ол Байзақов көшесіндегі автокөлік ағынын азайтуы тиіс. Жол құрылысын 2025 жылға қарай аяқтау ұсынылды.

Мұқанов көшесі (бар жолдар қызыл түспен, ал жоспарланғаны көк түспен көрсетілген). Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Басқа да шағын жобалардың ішінде Боралдай көшесіндегі жұмыстарды атап өтуге болады. Оны "Алматы-1 вокзалы" теміржол станциясына апаратын Осипенко көшесіне дейін ұзарту ұсынылды. 2030 жылға қарай қалада Жетісу мен Түрксіб аудандарын жалғайтын тағы бір жол пайда болуы мүмкін.

Боралдай көшесінің ұзаруы (көк түспен бөлінген). Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Ал Медеу ауданында тағы бір қызықты жоба бар. Сарапшылар бірден үш көшені кеңейтуді ұсынды - Карамысов, Луганский және Тәттімбетті. Олар Достық даңғылына параллель орналасқан және Төле би көшесінен "Медеуге" қарай бір-бірінің жалғасы. Жөндеу жұмыстарының жалпы ұзындығы 5,9 шақырым, оларды 2030 жылға қарай аяқтау ұсынылды.

Жобалаушылар жолақтар қосу арқылы Достықтағы көліктерді азайтып, алматылықтарға мұз айдынына баратын жолдың балама нұсқасын ұсынуға үмітті.

Карамысов, Луганск және Тәттімбеттің кеңеюі. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Сонымен қатар, Алматыда Әйтеке би көшесін Байтұрсыновтан Әуезовке дейін созу ұсынылды. Тізімде 2025 жылға дейінгі мерзімге Райымбек даңғылын екі шақырымға ұзарту бойынша тағы бір жоба бар. Алайда қай бағытта екені нақтыланбаған. Даңғылды Думан ықшамауданына қарай ұзартту жоспарлануы мүмкін. 

Сондай-ақ, 2030 жылға дейін сарапшылар Қарғалы және Алатау (жоғарғы Пятилетка) шағын аудандарындағы көшелерді кеңейтуді ұсынды. Осы кезеңге дейін ұқсас жұмыстарды Оңтүстік жоспарлау ауданының көшелері мен Бекмахановтың солтүстігінде жасау ұсынылды.

Бұл тізімде ұзындығы 5,2 шақырым болатын Абай даңғылын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына қарай ұзарту жоспары бар, оны 2030 жылға дейін аяқтау ұсынылды. Сондай-ақ, Саинды Мөңке би көшесіне дейін ұзарту керегі көрсетілген, ұзындығы 3,4 шақырым болады. Оны 2025 жылға дейін аяқтау керек. Осы кезеңде Назарбаевты әл-Фарабиден Достыққа дейін ұзындығы 2,2 шақырымға дейін ұзартуға кеңес берілді. Айта кетейік, олар бойынша құрылысшылар жұмысты бастап кетті.

Нәтижесінде, Алматы 2025 жылға қарай осылай өзгеруі мүмкін:

2025 жылға дейін ұзартылатын көшелер көк түспен белгіленген. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Жобалаушылар қаланы 2030 жылға былай сызды:

2030 жылға дейін ұзаратын көшелер қызыл түспен белгіленген. Коллаж ©Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети