26 қараша 2018 | 11:42

Алматыда 418 полицей салық төлемей жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Даниал Оқасов © Даниал Оқасов

Алматыда 1 312 мемлекеттік қызметкер салықты уақытында төлемеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 1 312 мемлекеттік қызметкер салықты уақытында төлемеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, мүлкі үшін салық төлемеген мемлекеттік қызметкерлер арасында көбі әскери қызметшілер мен полицейлер:

Алматы ІІД қызметкерлері - 418 адам, төленбеген салықтың жалпы сомасы 8,6 миллион теңгеден асады;

әскери бөлім - 346 адам, төленбеген салықтың жалпы сомасы 5,1 миллион теңгеден асады;

жергілікті атқарушы органдар - 86 адам, төленбеген салықтың жалпы сомасы 2,5 миллион теңге;

Ұлттық банк - 83 адам, қарыздың көлемі - 982 мың теңге;

ТЖ - 51 адам, қарыз көлемі - 556 мың теңге.

Мүлкі үшін салық төлемегендердің тізімінде мемлекеттік өзге органдардың қызметкерлері бар, олар - 328 адам, қарыздың көлемі - 7,2 миллион теңге.

Алматы қаласының аудандық мемлекеттік кіріс басқармасы қарызды өтеу туралы ескертпені мемлекеттік қызметкерлердің тұрғылықты жері бойынша жолдады. Егер салық уақытында төленбейтін болса өсімақы есептеледі, оның көлемі қайта қаржыландырудың 1,25-ке еселенген ресми мөлшерлемесіне тең. Жеке тұлғалар 2018 жыл үшін көлік құралы салығын 2018 жылдың 31 желтоқсанынан қалдырмай төлеуі тиіс.

2018 жыл үшін көлік құралы салығын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында өздігіңмен есептеуге болады. Ол "Электрондық сервистар" / "Калькулятор" бөлімінде. 

Мүлік салығын төлеу мерзімі 2018 жылы 30 қыркүйекте аяқталды. Көлік құралы салығын төлеу мерзімі - 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

"Салық бойынша қарызы бар мемлекеттік қызметкерлердің тізімі 2018 жылдың соңында жарияланады", - деді МКД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети