19 шілде 2023 | 09:14

Алматыда 42 градус ыстық, СҚО-да тұман: 19 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 19 шілдеде Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет 19 шілдеде Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 28-30 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 40-42 градус аптап болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 жылы.

Күндіз батыста, Ақмола облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 25-30 градус жылы.

Күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде құмды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 21-26 градус, облыстың таулы аймақтарында 12-17 градус жылы, күндіз 33-38 градус жылы, солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында өте қатты ыстық 42 градус, облыстың таулы аймақтарында 23-28 градус.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыста тұман. Батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың солтүстік-шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың шығысында 15 градус, күндіз 30-35, облыстың батысында 27 градус жылы.

Түнде батыста, солтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында, күндіз облыстың солтүстік жартысында жаңбыр, күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, батыстан 9-14, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 20 градус, күндіз 22-27, облыстың батысында, оңтүстігінде 30 градус жылы.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан 9-14, оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың таулы аймақтарында 17 градус, күндіз 35-40, облыстың таулы аймақтарында 30 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады, күндіз облыстың батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 23 градус, күндіз 24-29 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети