Алматыда 46 миллион теңгені жымқырған мектеп есепшісі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 46 миллион теңгені жымқырған мектеп есепшісі сотталды Фото:depositphotos.com

Алматы прокурорлары мектептердің бірінде 46 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокурорлары мектептердің бірінде 46 миллион теңгеден астам сомадағы бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап

Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

"Дерек бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы соталды тергеп-тексеру бастады. Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот үкімі бойынша кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету") бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды".

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети