21 ақпан 2022 15:20

Алматыда 5 мың оқ-дәрі мен танкіге қарсы жауынгерлік снарядтар тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда 1 006 дана қару мен 20 307 оқ-дәрі тәркіленген.

"Мәселен, жедел іс-шаралар барысында Алматының Шаңырақ-2 ықшамауданында екі адам ұсталып, олардан тапаншаның (2880 дана) және автоматтың (2160 дана) 5 мың патроны бар мырыш жәшіктері, қорғаныш кеудешелер, қалқандар мен тізеқаптар сияқты құралдар, 2 танкіге қарсы жауынгерлік снаряд, тегіс ұңғылы мылтық, 7 пневматикалық винтовка, оның ішінде біреуінің оптикалық көздеуіші бар және пневматикалық тапанша тәркіленді", - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ОКҚ брифингінде.

Әділов қару-жарақ дүкендері қалай тоналғанын да айтты.

"Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бір топ күдікті "Оружейник" аңшылық дүкеніне жеңіл автокөлікпен келіп, есігін бұзып, 15 тегіс ұңғылы мылтық пен 4 ойық карабинді, оның ішінде оптикалық көздеуіші бар карабинді ұрлап кеткен. Ұрланған қару Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында арнайы жабдықталған жерде заңсыз сақталған.

Сондай-ақ, Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың бірі ұсталды, ол түнде белгісіз үш адаммен бірге екі жеңіл көлікпен "Камерат" дүкеніне барып, қару-жарақ ұрлап кеткен", - деді ол.

Тергеу департаменті басшысының айтуынша, ұрланған заттардың бір бөлігі, оның ішінде оқ-дәрілері бар 8 тегіс ұңғылы мылтық тұрғын үй шатырынан табылып, тәркіленген. Тағы бір жерден полиция қызметкерлері тәртіпсіздік кезінде пайдаланылған заттарды - оқ-дәрілері бар сигнал револьверін, жанғыш қоспасы бар 4 шыны бөтелкені, газ маскасын және полиция қызметкерлерінің 6 арнайы құралын тапқан.

Қылмыскерлер ұрланған қаруды сатпақ болғаны да анықталды.

"18 ақпанда Жамбыл облысының Байзақ ауданында жедел іс-шаралар өткізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері ұрланған Калашников автоматын сатып жатқанда Тараздың 45 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктіден тінту кезінде қару сатудан түскен 300 мың теңге, ал көлік салонынан оқ-дәрісі бар екі Калашников автоматы тәркіленді", - деді Әділов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети