Алматыда алты бала және төрт жүкті әйел коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Алматыда алты бала және төрт жүкті әйел коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
"Бүгін, 16 сәуірде, коронавирус жұқтырғандар саны 393 адамға жетті. Олардың арасында алты бала және төрт жүкті әйел бар", - деп хабарлады басқармадағылар.
16 сәуірде қалада жаңа 23 жағдай тіркелді. Олардың арасында балалар жұқпалы ауруханасының медициналық қызметкері бар.
Сондай-ақ, Алматыда коронавирустан қайтыс болған үшінші адам туралы айтылды.
"Бұл науқас 1960 жылы туған азамат. 8 сәуірден бері Орталық қалалық клиникалық аурухананың провизорлық бөлімшесінде жүрек-тыныс алу әлсіздігі, кахексиямен (ағзаның тозуы) байланысты ауыр халде жатты", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Еске салайық, елімізде коронавирус жұқтырған 1341 жағдай тіркелді. 263 адам жазылды, 16 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!