Алматыда 6 жасар бала компьютерлік ойын салдарынан психиатриялық ауруханаға түскен

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
elements.envato.com elements.envato.com

Алматыда 6 жасар бала "Майнкрафт" ойынының салдарынан ауруханаға түскен. Бұл туралы балалар психиатры Ольга Александрова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 6 жасар бала "Майнкрафт" ойынының салдарынан ауруханаға түскен. Бұл туралы балалар психиатры Ольга Александрова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол кезде бала 6 жаста еді. Ол осы ойынды ойнап, содан кейін YouTube көрген. Ақыр аяғындағы балада қорқыныш пайда болды, түнде ұйықтай алмады. Бұл ойын оны қорқыта бастады. Ол ұйықтай алмады, ештеңе жемеді. Тиісінше, баланың психикасы нашарлай бастады. Ата-анасы оны бізге емдеуге алып келді. Біз оған дәрі-дәрмек бердік, психологтар жұмыс істеді. Оның жүйке жүйесі  қалыпқа келе бастады", - деді дәрігер.

Психиатр балаларға арналған гаджеттердің зияны туралы айтты. Маманның сөзінше, кейінгі жылдары смартфон ойындарына шамадан тыс құмарлық салдарынан кішкентай балалардың дамуы тежеуілдеп қалған жағдай жиілеп кеткен.

"Дәрігер ретінде баланы ойындардан шектеуге кеңес беремін. Қазір аутизмге шалдыққандар саны артқаны айтылып жүр. Ата-ана балаға қанша айдан бастап телефон беретінін білесіз бе? Жөргектен бастап. Неліктен ол сөйлеп үйренеді? Ол сол виртуалды әлемде өмір сүреді, оған сол әлем әлдеқайда қызық болса, ол неге одан әрі дамығысы келеді? Бұл жерде аутизм емес, телефонға тәуелділік", - дейді балалар психиатры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro